Маңғыстауда Орталық Азияда баламасы жоқ саябақ ашылды

Маңғыстауда Орталық Азияда баламасы жоқ саябақ ашылды

   2021 жылдың 21 шілдесі күні Ақтау қаласында Қазақстандағы алғашқы "TETYSBLU"тақырыптық аттракциондар паркінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты. Олар саябақпен танысып, қызметкерлеріне одан әрі даму мен өркендеу тіледі. Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан саябақта Орталық Азияда теңдесі жоқ 16  аттракцион: BluPower, Watermania және Snorri іске қосылды. Саябақ Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан және дамыған инфрақұрылымды қамтиды. Аумақта 30-дан астам бірегей алаң бар: Каспий теңізіне қарайтын шолу дөңгелегі, жылдам америкалық төбешіктер, жалқау өзен, толқынды бассейн және Water World аквазоны. Демалушылар үшін тамақтану орындары құрылды. Аква аймағы таңғы 10.00-ден кешкі 17.30-ға дейін, ал аттракциондар 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.