Маңғыстау облысының экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы

Маңғыстау облысының экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы

   2021 жылғы 16 шілдеде облыс әкімдігі шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Маңғыстау облысының экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің онлайн отырысын өткізді. Отырысқа кеңес мүшелері, кәсіпорындар, мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақэкспорт» АҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақэкспорт» АҚ көрсететін мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері айтылды. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ атынан «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ талдау және консалтинг департаментінің директоры Турез Шыңғыс Әділбекұлы сөз сөйледі; «Қазақэкспорт» АҚ атынан өңірлік менеджер Мұқашев Жаслан сөз сөйледі. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ақпараты бойынша ағымдағы жылы «Экспорттық акселерация 2021» бағдарламасына қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда 100-ден астам кәсіпорын іріктелетін болады. Бұдан басқа, «Экспорттық акселерация 2021» бағдарламасы отандық компанияларға өз өнімдері мен қызметтерін сыртқы нарықтарда өткізу кезінде мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 шілдеден 30 шілдеге дейін жалғасады.