Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысында ресми сапармен болды

Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысында ресми сапармен болды

  2021 жылдың 12 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңесшісі М.А. Хайриддинов бастаған үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысында ресми сапармен болды. Ресми сапар аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңесшісі М.А.Хайриддиновтің облыс әкімінің орынбасары Б. Орынбасаровпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда Маңғыстау облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы туризм саласындағы мәселелерді талқылады. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты ары қарай тереңдетуге дайын екендігін атап өтті.