«Қаражанбас Северный» кен орнында тауарлық мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырын салу жобасы салтанатты түрде іске қосылды

«Қаражанбас Северный» кен орнында тауарлық мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырын салу жобасы салтанатты түрде іске қосылды
Түпқараған ауданында Астана күніне орайластырылған «Қаражанбас Северный» кен орнында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Орынбасаровтың және «Phystech II» АҚ компаниясының басшылығының қатысуымен «Қаражанбас Северный» кен орнында тауарлық мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырын салу» жобасы салтанатты түрде іске қосылды. Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі 3,0 млрд.теңгені құрап, қосымша 18 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жоба аясында «Phystech II» АҚ тәулігіне 1000 тонна тауарлық мұнай тасымалдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба тек Түпқараған ауданының ғана емес, жалпы Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалын жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.