Маңғыстау 5 айдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында көш басына шықты

Маңғыстау 5 айдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында көш басына шықты
    Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында өңірлердің 5 айдағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші жарияланды. Маңғыстау облысы өте жақсы көрсеткішке ие болды. Өңдеу, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүй беру, сауда, көлік, жеке инвестиция яғни экономиканың барлық 7 бағыты бойынша оң өсімге қол жеткізді.
- өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 104,5% ;
- негізгі капиталға салынған инвестиция – 115,1% ;
- ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 103% ;
- құрылыс жұмыстарының көлемі – 109,1%
- тұрғын үйді іске қосу қарқыны – 106,3%
- сауда – 102,7%
-көлік және логстика – 108,1%
деңгейінде қамтамасыз етіліп, оң өсімге қол жеткізілді.
      Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 4,5%-ға артып, 63,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде мәлімдеді. «Облыста минералды тыңайтқыштар, битум және мұнай өнімдерін өндіру көлемі өскен. Мәселен Ақтаудағы «Каспий битум» зауыты 5 айда жалпы елімізде өндірілген жол битумының 48% қамтып отыр», -деді С.Трұмов. Маңғыстау облысы әкімінің айтуынша, биыл бұл салада жалпы құны – 21,7 млрд. теңге болатын 8 жаңа жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 200-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.