Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы К.Маркерт Маңғыстау облысында ресми сапармен болды

Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы К.Маркерт Маңғыстау облысында ресми сапармен болды

     2021 жылы 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы К.Маркерт Маңғыстау облысында ресми сапармен болды. Ресми сапар аясында Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовпен кездесу өтті, оның барысында Маңғыстау облысы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері туралы талқыланды. Сонымен қатар, Германия Федеративті Республикасының Бас консулы К.Маркерт Маңғыстаудың сауда-экономикалық әлеуетімен танысу мақсатында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ және «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ-на барды. Сондай-ақ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректорымен, Маңғыстау облысы бойынша адам құқығы бюросы филиалының өкілімен және «Видергебурт» аймақтық неміс ұлттық мәдени орталығының жетекшісімен кездесулер өткізілді.