Жүк тасымалдау және логистика, ауыл шаруашылығы және жылыжай өндірісі, теңіз суын өңдеу және теңіз шаруашылығы мәселелерін талқылау бойынша бейнеконференция

Жүк тасымалдау және логистика, ауыл шаруашылығы және жылыжай өндірісі, теңіз суын өңдеу және теңіз шаруашылығы мәселелерін талқылау бойынша бейнеконференция

Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының Хормозган провинциясы арасында жүк тасымалы және логистика, ауыл шаруашылығы мен жылыжай өндірісі, теңіз суын өңдеу мен теңіз шаруашылығы туралы мәселелерді талқылау бойынша бейнеконференция өтті. Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР-ның Бендер-Аббас қаласындағы Консулдық басшысы, мемлекеттік органдардың, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және өңірлік бизнес-құрылымдарының өкілдері қатысты. Ал, иран тарапынан Бендер-Аббас қаласының Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы, Бендер-Аббас қаласының сауда, өнеркәсіп, шахта және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы, провинцияның белді бизнесмендері қатысты. Ал, иран тарапынан Хормозган провинциясының Сауда, өнеркәсіп, минералды ресурстар және ауыл шаруашылығы палатасының Басшысы, ХП Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциясындағы Өкілдігінің Басшысы, ИИР Ақтау қаласындағы Бас консулы және тағы да бірнеше салалардан жауапты қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында екі өңірдің экономикасын дамытудың басым бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.