Ағымдағы жылдың 29 сәуірде Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының 2023 жылғы орындалысы туралы есебі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып жатырған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Борисқызы Альбекова баяндады.
Облыстың Даму жоспары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің үшінші деңгейінің стратегиялық құжатына жатады және аймақтың негізгі стратегиялық құжаты болып табылады.
Облыстың Даму жоспарында қойылған мақсаттармен жоспарланған көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету үшін бюджеттің барлық көздерінен мүмкіндігінше қаражат қарастырылды.
Нәтижесінде 2023 жылы 3 бағыт шеңберінде («Азаматтардың әл-ауқаты», «Тұруға ыңғайлы және қауіпсіз аймақ», «Мықты экономика») 75 нысаналы индикаторға қол жеткізіліп, оның аясында 150 ден аса іс-шара іске асырылды. Аталған шаралар өңір экономикасының барлық салаларын қамтыды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жұмыссыздық, мектептер құрылысы, экология, туризм және басқа да салаларға қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.