Жыл басталды, іске асыру шаралары бақылауда.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту және аудандар мен қалалардың маңызды мәселелерін шешуге қолдау көрсету мақсатында облыс әкімінің орынбасары Р.Бектемірдің басшылығымен қаржы-экономикалық блок мамандарының тобы Жаңаөзен қаласы және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарына барды.
Проблемалық мәселелер, басым бағыттағы жобалар талқыланып, бюджеттік шығыстарды іске асыру кезінде қаржылық тәртіпті сақтау міндеті қойылды.
Басты міндет - ашық диалог және өңір экономикасын дамыту мәселелерінде бірлесіп шешім қабылдау.