«Ауыл – Ел бесігі» - сапалы өмірдің негізі!

«Ауыл – Ел бесігі» - сапалы өмірдің негізі!

«Ауыл – Ел бесігі» - сапалы өмірдің негізі!

         «Ауыл – Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауылда өмір сүру сапасын жақсарту және ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта құру болып табылады.  

           Жоба аясында облыста даму әлеуеті бар 31 ауыл айқындалды, атап айтқанда 408,7 мыңнан астам адам немесе ауыл халқының 54,6% - ы тұратын 23 тірек, 6 спутниктік және 2 шекара маңындағы ауылдары.

           2019-2021 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 18 ауылда 10,6 млрд.теңгеге 94 жоба іске асырылып, 909 жұмыс орны құрылды:

         - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 27 км инженерлік желілер жаңғыртылды (9 жоба);

         - әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласында 3 мектеп, 2 амбулатория, 5 ауылдық клуб, мәдениет үйі мен кітапхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт залдары салынып және жөндеуден өткізілді (14 жоба);

         - көлік инфрақұрылымын дамыту саласында 190 км ауылішілік жолдар жаңғыртылды (71 жоба).

         2022 жылы Жоба аясында 8,4 млрд.теңгеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған  28 жоба іске асырылуда.

         Нәтижесінде 19,7 км инженерлік желілер және 35 км ауылішілік жолдар жаңғыртылатын болады.

           Сондай-ақ, қолданыстағы мектептерге 5 жапсарма құрылысы, 1 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет үйі, 1 аудандық мұражай және 10 спорт залдар салынатын болады. Бұл өз кезегінде 686 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.