Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалуы

Маңғыстау облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалуы

Бүгін,  4 мамырда облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың төрағалығымен  аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыста Маңғыстау облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалу барысы туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Балжанов баяндама жасады.Кешенді жоспарда аясында 5 жылда 227 шара қарастырылған, оның ішінде 2022 жылы орындалуға жататын 156 шараның ағымдағы жағдайлары мен тәуекелдері қарастырылды.Жиналыс қорытындысы бойынша өңір басшысы апта сайынғы негізде Кешенді жоспардың орындалуы бойынша мемлекеттік органдардың есебін аппараттық жиналыста тыңдау туралы және оның сапалы да уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.