2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Облыстық мәслихат сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет параметрлеріне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Облыс тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен  ЖШС «Каспий» су тұщыту зауытының  № 1,2,3,4,5,6,12 кері осмос қондырғыларының жобалық қуатын қалпына келтіру жобасы» бойынша облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Қаржаубайұлы Аққұлов баяндама жасады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда мал азығының тапшылығына орай өңірдегі қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан шаралар, қысқа дейінгі қажеттілікті қамтамасыз ету туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов хабарлады.

         Бұған дейін өткен облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияларда аталған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан көтерілген ұсыныс пікірлері ескеріле отырып, 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетінің параметрлеріне өзгерістер енгізіліп, бекітілді.