«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы Жол картасының 2021 жылға арналған іс-шаралары

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы Жол картасының 2021 жылға арналған іс-шаралары

29 шілдеде облыс әкімінің орынбасары  Б. Орынбасаров      «Nur Otan» партиясы облыстық фракция мүшелерінің алдында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының 2021 жылға арналған іс-шараларының бірінші жартыжылдыққа орындалу барысы туралы баяндады.

       Фракция мүшелері мектептер мен автомобиль жолдарының құрылысы, денсаулық сақтау саласына қатысты және т.б. бірқатар мәселелерді көтерді. Облыс əкімінің орынбасары Б. Орынбасаров отырыс қорытындысы  бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жоспарланған шаралардың сапалы да уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жол картасындағы шаралардың сапалы əрі нəтижелі орындалуына халық қалаулылары - депутаттардың тарапынан да қолдау мен бақылаудың қажет етілетіндігіне назар аударылды.