«Ауыл-Ел бесігі» жобасы

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы

2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 33 жобаға 4 897,7 млн.теңге қарастырылды. Жобаларды іске асыру арқылы 16 ауылда жұмыстарды жүргізу жоспарлануда (Өмірзақ, Қызылсай, Рахат, Бейнеу, Ақжігіт, Боранқұл, Құрық, Жетібай, Бостан, Шетпе, Жыңғылды, Басқұдық, Баянды, Ақшұқыр, С.Шапағатов, Баутино ауылдары).

Олар:

           - 8 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы                    (2020 жылдан өтпелі Ақшұқыр ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Өмірзақ ауылындағы №27 мектепке қосымша жөндеу жұмыстарын қайта құрылымдау, Бейнеу ауылындағы Күйкен орта мектебіне жеке оқу ғимаратын салу, Қызылсай және Рахат ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салу, Боранқұл, Жыңғылды және Баутино ауылдарындағы спорт залдардың құрылысы), жалпы бюджеттің 34% құрайды;;

1 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі (Бейнеу ауылында 110/35/6 кВт жоғары кернеулі қосымша ұяшықтардың құрылысы), жалпы бюджеттің 3% құрайды;

          - жалпы ұзындығы 102 шақырым болатын 24 көліктік инфрақұрылым объектілерін салу және орташа жөндеу жұмыстары (С.Шапағатов, Жетібай, Ақжігіт, Құрық, Бостан, Шетпе, Жыңғылды, Басқұдық, Баянды, Өмірзақ  ауылдарында), жалпы бюджеттің 63% құрайды. 

Жобалардың іске асырылуы барысында 397 уақытша және 107 тұрақты жұмыс орындары құрылады, сондай-ақ 663 млн.теңгеден астам салықтық түсімдері түседі деп күтілуде.