Маңғыстау облысының 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Маңғыстау облысының 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Маңғыстау облысы

(2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму)

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 802,8 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне – 92,8%.

 

Төмендеу себептері

          Төмендеу тау-кен өнеркәсібінде 9,5%-ға (тау-кен өнеркәсібінің көлемі 701,8 млрд. теңге), орын алды.

      

        Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі         4 039,1 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне  103%.

 

Өсім себептері

Мал басының өсімі байқалды: ІҚМ –3,1% -ға (29,6 мың бас), түйе – 3,4%-ға (85,7 мың бас), жылқы – 5,1% -ке (123,7 мың бас).

       

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,9 мың бірлікті немесе 2020 жылдың тиісті  кезеңіне 100,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 166,5 млрд. теңге немесе                    2020 жылдың  тиісті кезеңіне 118,8% құрады.

2020 жылы облыста 926 жаңа жұмыс орнын құрумен 99,2 млрд.теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылды.

2021 жылы экономиканың түрлі салаларында 2700-ге тарта жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 288,9 млрд. теңгеге 201 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында құны 21,7 млрд. теңгеге 275 жұмыс орнын құру арқылы 8 жобаны іске асыру күтілуде.     Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,9 млрд. теңге немесе                      2020 жылдың тиісті кезеңіне 105,6% құрады.

Тұтыну бағасы мен тарифтер индексі 2021 жылдың сәуірінде 2020 жылдың желтоқсанына 103,6% (ҚР – 101,9%), оның ішінде: азық-түлік тауарларында – 104,8% (ҚР – 103%), азық-түлік емес тауарларында – 103,4% (ҚР – 102,5%), ақылы қызметтерде – 102,2% құрады (ҚР – 101,3%).

Салықтар мен бюджет*. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 115,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетке – 53,9 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 61,8 млрд. теңге сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

       Жұмыспен қамту және қорғау.

2021 жылдың қаңтар-наурызында жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады (2020 жылдың қаңтар-наурызында – 4,8%).

Жұмыспен қамтумен 11 243 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 6 819 адам, маусымдық жұмыспен – 4 424 адам қамтамасыз етілді.

2021 жылдың қаңтар-наурызындағы көрсеткіші бойынша бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  344 329 теңге құрады, бұл – 2020 жылдың тиісті кезеңіндегіден 6,4%-ға көп.

Денсаулық сақтау*

           2021 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 6,8 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті және республикалық  бюджеттен 65,9 млн. теңге бөлінді.  Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 1 418,3 млн. теңге бөлінді.

Білім беру*

         2021 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  115,3 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 1 090,1 млн. теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базасын  нығайтуға               1 814,0 млн. теңге қарастырылды.

        

Көрсеткіштер http://stat.gov.kz алынды

*- Ведомстволық деректер