Маңғыстау облысының 2021 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Маңғыстау облысының 2021 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Маңғыстау облысы

(2021 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму)

 Өнеркәсіп. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 585,4 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне – 92,6%.

 

Төмендеу себептері

          Төмендеу тау-кен өнеркәсібінде 9,3%-ға (тау-кен өнеркәсібінің көлемі 509,8 млрд. теңге), электрмен жабдықтауда 0,6%-ға (көлемі – 35 млрд.теңге) орын алды.

      

        Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі         3 064,8 млн. теңге құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне  102,3%.

 

Өсім себептері

Мал басының өсімі байқалды: ІҚМ – 4,9% -ға (30,6 мың бас), түйе – 3,5%-ға (85,9  мың бас), жылқы – 5,3% -ке (124,1 мың бас).

       

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді субъектілер саны 52,6 мың бірлікті немесе 2020 жылдың тиісті  кезеңіне 100,4% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 107,1 млрд. теңге немесе                    2020 жылдың  тиісті кезеңіне 101% құрады.

2020 жылы облыста 926 жаңа жұмыс орнын құрумен 99,2 млрд.теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылды.

2021 жылы экономиканың түрлі салаларында 2500-ге тарта жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 335,6 млрд. теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында құны 21,1 млрд. теңгеге 245 жұмыс орнын құру арқылы 7 жобаны іске асыру күтілуде.     Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,1 млрд. теңге немесе                      2020 жылдың тиісті кезеңіне 66,2% құрады.

Тұтыну бағасы мен тарифтер индексі 2021 жылдың наурызында 2020 жылдың желтоқсанына 102,5% (ҚР – 101,9%), оның ішінде: азық-түлік тауарларында – 103,4% (ҚР – 103%), азық-түлік емес тауарларында – 102% (ҚР – 101,5%), ақылы қызметтерде – 101,7% құрады (ҚР – 100,9%).

         Салықтар мен бюджет*. Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 76,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетке – 37,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 39,0 млрд. теңге сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

       Жұмыспен қамту және қорғау.

2020 жылы жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады (2019 жыл – 4,8%).

Жұмыспен қамтумен 9 311 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен – 5 345 адам, маусымдық жұмыспен – 3 966 адам қамтамасыз етілді.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіші бойынша бір жұмыскерге шаққанда орташа айлық жалақы  318 441 теңге құрады, бұл – 2019 жылдың тиісті кезеңіндегіден 8,4%-ға көп.

Денсаулық сақтау*

           2021 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 4,6 млрд. теңге қарастырылды.               Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті және республикалық  бюджеттен 216 млн. теңге бөлінді.  Денсаулық сақтау объектілерін  күрделі жөндеуге 1 029,3 млн. теңге бөлінді.

Білім беру*

         2021 жылы  білім беру жүйесін қаржыландыруға  112,8 млрд. теңге қарастырылды. Білім беру объектілерін дамытуға 46 млн. теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базасын  нығайтуға               1 472,8 млн. теңге қарастырылды.

        

Көрсеткіштер http://stat.gov.kz алынды

*- Ведомстволық деректер