Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
Құрметті достар! 
 Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтауға рұқсат етіңіз!
Өткен жылда барімізге де оңай жыл болған жоқ. Пандемия өндірістік және жеке жоспарларға түзетулер енгізді.
Басымызға түскен індетпен күресуге қойылған мәселелерін шешуге бағытталған міндеттердің орындалысы қамтамасыз етілді. Осы кезеңде өңір экономикасы тап болған сын-қатерлер жедел шаралар қабылдауды талап етті.
Аймақ компаниялардың алдына өндіріс көлемі мен жұмыс орындарын барынша сақтау міндеттері қойылды. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қабылдаған шешімдері шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталды.
Осының арқасында біз өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамиканы қамтамасыз еттік.
Бюджет саясаты пандемиямен күрес бойынша бірінші кезектегі міндеттерді орындауға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инфрақұрылымды, әлеуметтік объектілерді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды іске асыру қамтамасыз етілді.
Біз жаңа 2021 жылы алға қойылған міндеттерді одан әрі зор күш-жігермен іске асыра отырып, тоқтап қалмауға тиіспіз.
Ескі жылдың қиындықтары мен қайғы-қасыреттерін қалдырып, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, оптимизммен қарсы алайық.
 Достар!
Жаңа 2021 жылды сүйіспеншілікпен және мейірімділікпен қарсы алайық, онда бізді тек қуаныш пен бақыт күтеді. Жаңа жылда шаңырақтарыңыз нұрға, шұғылалы шаттыққа және жайдарлы жылулыққа толсын!