2021 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

2021 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі
Келер жылы ауылдық елді мекендердің дамуына басты назар аударылады. 2021 жылы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2 ауылға құны 1,8 млрд.теңге болатын 15 жобаны жүзе асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлім етті.
 
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге 8 ауылға (Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Маңғыстау, Рахат, Шетпе ауылдары) 63 жобаға 5,3 млрд.теңге қаражат қарастырылды.(РБ – 5 млрд. теңге, ЖБ - 392,3 млн. теңге). Олар 7 әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар, 8 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 48 көліктік инфрақұрылым объектілерінің құрылыстары мен орташа жөндеу жұмыстары», - деді Марина Әлібекова.
 
Статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес қаңтар-қараша айларының қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Оның ішінде:
- өңдеу өнеркәсібінің көлемі158 млрд.теңге, нақты көлем индексі (НКИ) 100,1%;
- негізгі капиталға салынған инвестиция-514 млрд. теңге, НКИ – 103,4%;
- ауыл шаруашылығы -18,4 млрд.теңге,  НКИ – 100,1%;
- тұрғын-үйді іске қосуда барлығы 1 млн шаршы метр  үй іске қосылды (1 063,8 мың).
Экономикадағы, оның ішінде мұнай саласында орын алған жағдайға байланысты 11 айда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі – 92,6% құрады (2019ж. қаңтар-қарашада – 100,7%).
Жалпы өнеркәсіптін ішінде кен өнеркәсібінің көлемі 85% құрайды, оның нәтижелері мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты.  
Өнеркәсіптік өнімінің НКИ айзаюдың негізгі себебі, ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемі 8%-ға азайғаны(11 айға – 15 327,5 мың.тонна құрады, 2019ж. 11 айда – 16 435,1 мың тонна). Нәтижесінде, жоспарланған 18 млн. тонна орнына, осы жылға 16,6 млн. тонна құрайды деп күтіледі(-1,4млн. тонна).