МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СТАТИСТИКА

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СТАТИСТИКА
Маңғыстау облысының Статистика департаментінің жұмысының арқасында біз өңіріміздің ілгерілеу өлшемдерін көріп отырмыз. Сіздер әрқашан ұлттық және аймақтық деңгейде кең ауқымды жұмыстарды жүргізу үшін нақты, объективті және салыстырмалы деректерді жинайсыз. Жалпы, негізгі міндет – халық пен билік үшін сенімді ақпарат қалыптастыру.
Маңғыстау облысы – халықаралық теңіз жүк тасымалдарының инфрақұрылымы және туризмді дамыту әлеуеті дамыған Қазақстанның ірі өнеркәсіптік өңірі.
Маңғыстау облысының статистика департаментінің жұмысының арқасында біз өңіріміздің ілгерілеу өлшемдерін көріп отырмыз. Сіз әрқашан ұлттық және аймақтық деңгейде кең ауқымды жұмыстарды жүргізу үшін нақты, объективті және салыстырмалы деректерді жинайсыз.
Облыс елдің барлық өнеркәсібінің 10%-ын қамтамасыз етеді                 (2-ші орын). Өңірде республика мұнайының шамамен 22% өндіріледі.
Экономика құрылымының 60%-дан астамын өнеркәсіп алады, оның ішінде 91% тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиесілі.
Тәуелсіздік жылдары, яғни 1991-2019 жылдар аралығында өңір жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Маңғыстау облысы халқының саны 1991 жылғы 340,2 мың адамнан 2019 жылы 698,8 мың адамға дейін жетіп, 2 есеге өсті.
Өңір экономикасы 2,2 млрд.теңгеден 3,7 трлн. теңгеге дейін өсті (1991-2019жж.).
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 млн. теңгеден 2,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайды (1991-2019жж.).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,2 млн. теңгеден 185,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (1991-2019жж.).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,3 млн. теңгеден  556,6 млрд. теңгеге дейін өсті (1991-2019жж.).
Агроөнеркәсіптік кешен өнімі 0,3 млн. теңгеден 20,6 млрд. теңгеге дейін өсті (1991-2019жж.).
Осы экономикалық көрсеткіштердің көрініс табуы Маңғыстау облысының статистика органдарының жемісті және табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.
Қымбатты әріптестер!
Сіздердің еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табыс тілейміз.