21 сәуір күні Ақтау қалалық болашақ колледжі студенттері мен ұстаздар үшін маңызды семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының маманы Теміралиев Асылжан өткізді. Семинар тақырыбы – “Медиа сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік”.
Іс-шара барысында медиа кеңістіктегі жалған ақпараттар, фейк жаңалықтар мен деструктивті идеологиялардың таралу жолдары, сондай-ақ оларға қарсы тұрудың тиімді әдістері түсіндірілді. Теміралиев Асылжан қазіргі таңда ақпарат тасқынының қарқынды жүріп жатқанын, сондықтан әрбір азамат, әсіресе жастар, медиа құралдарымен жұмыс істеуде сын тұрғысынан ойлай білуі қажет екенін атап өтті.
Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, түрлі мысалдар арқылы медиа сауаттылықты арттыру жолдарын талқылады. Оқушылар медиа контентті ажырату, сенімді дереккөздерді пайдалану және әлеуметтік желідегі қауіптерден сақтану туралы маңызды мәліметтер алды.
Мұндай семинарлар жастардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруге, олардың саналы медиақолданушы ретінде қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.