Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар

2024 жылдың 13 желтоқсан күні Ақтау қаласының М. Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің алғашқы курс студенттеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті.


Шараға МО “Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы”, “Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Асылжан Асылбекұлы мен маманы Оңғарбай Жеңісбек қатысты. Тақырып аясында кеңірек мағлұматтар берілді.


Студенттерге ұлттық құндылық, ата-анаға деген құрмет, мамандық таңдаудағы және білім алудағы басты қағидаттар жайында сөз қозғалды.
Ұлттық құндылықтар — бұл бір халықтың мәдениеті, дәстүрлері, тарихы мен дүниетанымын білдіретін, қоғамның моральдық және этикалық негіздерін қалыптастыратын элементтер. Олар әрбір ұлттың ерекшелігін, өзіндік болмысын және бірлігін көрсетеді.


Шара соңында оқушылар сұрақтарын қойып, кері байланыс алды. Білім ордасының мамандары өз ризашылығын білдіріп, алдағы шараларға ұсыныстарын жеткізді.