Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті

Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Маңғыстау облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Ағымдағы жылдың 4-5 сәуірінде Ақтау қаласындағы «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология және педагогика маманы Туйғанов Мырзабек Сардарбекұлы және дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан Қонырбайұлы семинар оқыды.