Діни бірлестіктердің басшылары бас қосты.

Діни бірлестіктердің басшылары бас қосты.

Маңғыстау облысының дін істері басқармасы жанынан құрылған діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өткізілді. Шараға Дін істері басқармасының басшысы Қажымұқан Серікұлы Кәдөш, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Есенәлі Жарылқасынұлы Иса, облыстық Әділет департаментінің бас маманы Сұңғат Маратұлы Нұрғалиев және діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Отырыста діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу, жарғыға өзгеріс енгізу және дін өкілдері арасындағы ауызбіршілік пен толеранттылықты сақтау туралы тақырыптар талқыланды. Одан басқа бүгінгі қоғамдағы діни алауыздықтарға жол бермеу, арандатушылыққа берілмеу, жастарды отансүйгіштікке, қазақстандық қоғам құндылықтарын ұстануға тәрбиелеу тақырыптарында сөз қозғалды.