Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті

Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті

Бүгін Маңғыстау облысының дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктер басшылары клубының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес клубтың кезекті отырысы өтті.

         Жиынға Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов, Маңғыстау облысы көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Асылбек Уразгалиев және клуб мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша А. Уразгалиев Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес шетел азаматтарының ҚР аумағында уақытша тұрақтау және тұрақты тұру мәселелері туралы түсінік беріп өтті.

Діни бірлестік басшыларынан жоғарыда аталған мәселе бойынша шетелден келетін миссионерлерді тіркеу және ел аумағында уақытша тұрақтау мәселелері туралы сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.  

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша діни бірлестіктермен жыл бойы атқарылатын іс-шаралар талқыланды.

Жиын соңында діни бірлестік басшылары өз ұсыныстарын ортаға салып, клуб отырысын өткізу маңызды екендіктерін атап өтті.