Дәстүрлі сенбілік жалғасты

Дәстүрлі сенбілік жалғасты

Ақтауда 25 наурызда бастау алған көктемгі екіайлық аясында жалпықалалық сенбілік жалғасып жатыр.

Сенбілікте 7 арнайы орын бекітілген.

Олар:
35 ш/а «Флагшток»
29А шіркеудің артқы жағы
 «Sinoil»-дан Арнайы ХҚКО дейін
20 ш/а “Отырар сити”
39 ш/а “Ержан хазірет” мешіті
15 ш/а “Самал”

Сенбілік кезінде қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қоқысқа арналған қаптар беріліп, 25 арнайы техника жұмылдырылды.

“Сенбілікке қатысамын деушілерге өзімен бірге ештеңе алып келудің қажеті жоқ, барлық керек-жарақ және көлікпен қамтамасыз етеміз”, деді ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бахтияр Мақсатов.

Таңнан бері шағын аудан ішінде де қызу жұмыс жүріп жатыр. Сенбілікке тұрғындар да белсенді қатысты. Сондай-ақ қызмет көрсетуші мекеме қызметкерлері де балалар ойын алаңын, аулаларды ретке келтіруге үлес қосты.

“Сондай-ақ, кәсіпкерлерді, тұрғындарды үйлері мен кәсібі орналасқан аумақты тазалауға шақырамыз. Жиналған қоқысты жол бойында немесе қоқыс жәшіктерінде қалдыру керек, оны коммуналдық қызметтердің көмегімен алып кетеді”, - деді ТҮКШ бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

Науқан аясында жалпықалалық сенбіліктер 21 мамырға дейін жалғасады.