Құрметті ҮЕҰ өкілдері!

Құрметті ҮЕҰ өкілдері!

Сіздердің назарыңызға («ҮЕҰ академиясы» жобасын іске асыру аясында) арнайы оқу курсын ұсынамыз.

Мақсат: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жобаларын іске асырудағы жобалық өтінімдерді дайындау дағдыларын арттыру.

Гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтетін қысқа мерзімді курстың аясында мына тақырыптар қамтылады:

* ҮЕҰ ұйымдық-институционалдық дамуы бойынша базалық білім,

* қаржылық және жобалық менеджмент,

* жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу кезінде мүдделі тараптардың тиімді коммуникациялары.

Бұл курс Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында бойынша өткізіледі.

Курсқа қатысу үшін https://academy-ngo.kz/ сілтемесі бойынша 25 ақпанға дейін (2023ж.) тіркелу қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8777-409-50-05; 8708-931-45-82 нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар.

#АБҚО #ЦПГИ #CISC