Маңғыстау имамдары Ақмыш жерінде сенбілік өткізді

Маңғыстау имамдары Ақмыш жерінде сенбілік өткізді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Дархан дала» жобасы аясында өңіріміздің дін қызметкерлері Ақмыш жерінде сенбілік өткізді.

«Табиғатты аялайық» атты шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған Ақтау, Жаңөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының имамдары мен ұстаздары қатысты.

Дін қызметкерлері тоғай ішін және сыңғырлаған бұлақтар бойын түрлі қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.