Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға

Балаларды қорғау мерекесіне орай облыстағы дін өкілдері "Жусан" операциясымен өңірге оралған бүлдіршіндерді қуантты. Мақсат балаларға мейрамның мән-мағынасын түсіндіру. Өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасыра білуге тәрбиелеу. "Бала - өмір шырағы" атты игі шара облыстық мешіттің ауласында өтті. Бүлдіршіндер ойын алаңында өлең айтып, би биледі. Түрлі ойындар ойнап, сыйлықтар алды. Айта кетейік, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан 6 әйел мен 18 бала оралған болатын. Балалардың бесеуі жетім.

Әнуар Елжанов - облыстың бас имамы

Балаларды қуантудың өзі де құлшылыққа жатады. Балаларға шаттық сыйлау, балаларға қуаныш сыйлау да дініміздегі өте құпталған сауапты істерге жатады. Ата-ананың балаларға беретін бір сыйлығы - қуаныш сыйлау. Сондықтан да бүгінгі айтулы күнде балаларымызға шаттық сыйлайық, қуаныш сыйлайық деген мақсатта осы шараны ұйымдастырып жатырмыз.

Гүлнар Амантаева

Бүгінгі балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Бүлдіршіндеріміз аман болсын. Дін істер басқармасы облыстық мешіттің ауласына осындай керемет шара ұйымдастырып жатыр. Көп рахмет айтамыз. Балалар мәз болып, асыр салып ойнап жатыр. Сыйлықтар таратылып жатыр. Алдағы уақытта осындай шаралар көптеп ұйымдастырыла берсе деген тілегім бар.

https://mangystautv.kz/kz/news/society/bar-zhaksylyk-balalarga-27