"Салтым-атамдай, дәстүрім-анамдай"

"Салтым-атамдай, дәстүрім-анамдай"

Осындай атаумен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас ақындар айтысы өтеді. Шараға облыстық Дін істері басқармасы "дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы" ұйытқы болып отыр. Дүбірлі дода 28 сәуір күні 1 шағын аудандағы халық шығармашылығы орталығында болады. Алайда еліміздегі пандемияға байланысты айтыс онлайн форматта өтеді. Рухани кешті @din_dialog парақшасында сағат 14:00-де басталады. Ал айтыстың қайталау нұсқасын Маңғыстау арнасынан көре аласыздар.