Маңғыстаудағы маңызды семинар

Маңғыстаудағы маңызды семинар

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 31 наурыз күні облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне арналған семинар өтті.

«Тәуелсіз Қазақстандағы дін, тарих және саясат» тақырыбын қамтыған семинар жұмысына саяси ғылымдардың докторы, профессор, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Киікбай Мыңбайұлы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының профессоры Балкенже Кондыбайқызы шақыртылды.

Семинар аясында мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, адамдар арасындағы коммуникация кеңінен сөз болды.

Семинар соңында АТТ мүшелеріне сертификаттар табысталды.

https://kazislam.kz/mangghystaudaghy-mangyzdy-seminar/