Өңірдегі діни конфессиялар өкілдерімен кездесу өтті

Өңірдегі діни конфессиялар өкілдерімен кездесу өтті

Маңғыстау облысының дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы облыста тіркелген діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізіп, дін саласындағы кейбір мәселелерді талқылады. Кездесу облыс әкімдігі ғимаратында өтті.

Кездесуге ҚМДБ Маңғыстау облыстық бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы, жергілікті Православиелік шіркеуінің басшысы Выриков Игорь Владиславович, Католиктік, елуіншілер шіркеуі, інжілдік-христиан баптистер, жетінші күн адвентистер, жаңаапостол шіркеуі және т.б конфессиялар қатысты.

Жиынды басқарма басшысы ашып, алдымен бірлестік басшыларына өңірдегі карантиндік шектеулерінің қатаң сақталуына қосқан үлестері үшін, ковид жұқпалы ауруының өршуі кезінде тұрғындармен бірге алаңдаушылық пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Сөз барысында барлық діни бірлестіктерді халықтар достастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға күш жігерлерін аямауды, жергілікті әкімдікпен бірлесе қоғамдық жұмыстарды, экологиялық акцияларды, қайырымдылық жұмыстарды атқаруға шақырды.

Сонымен қатар басқарма басшысы діни бірлестік өкілдерінің ұсыныс пікірлерін, проблемалық мәселелерін тыңдап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Діни бірлестік басшылары өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға әзір екендіктерін, мемлекеттің әр-түрлі діндер өкілдерінің достастығы, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы іс-шараларға ризашылықтарын білдірді.