Маңғыстау облыстық сотында мемлекеттік қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Маңғыстау облыстық сотында мемлекеттік қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Маңғыстау облыстық сотында мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдарға араласуы мен есірткілік және уытқұмарлық масаң күйге түсуінің алдын алу тақырыбында семинар өтті.
Шараға облыстық және аудандық соттардың қызметкерлері қатысты.
Семинарға төрағалық еткен Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Каженов мемлекеттік қызметші үшін қызметтік этиканы сақтау, қоғамға үлгі болу және зиянды әдеттердің алдын алу қажеттігін атап өтті.
Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының өкілі Б. Шопанова деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға әсері жөнінде түсіндіріп, профилактикалық шараларды ұсынды.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры П. Көбесінова есірткі және психобелсенді заттарды тұтынудың құқықтық салдары туралы айтып, мемлекеттік қызметшілердің масаң күйде қоғамдық орында болуына жол берілмейтінін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.