Ақтауда дін саласы мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған екі күндік семинар өтті.

Ақтауда дін саласы мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған екі күндік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын күшейту, сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуын жандандыру.

Семинарға Алматы орталық мешітінің наиб имамы Тимур Алиев қатысып, өңірдегі теологтар, психологтар және теологиялық бағытта қызмет атқаратын имамдармен кездесті. Кездесу барысында мамандар радикалды идеологиялардың белгілерін анықтау, олардың алдын алу тетіктері, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімді тәсілдері және психологиялық қолдау көрсету әдістері бойынша пікір алмасты.

Шара аясында практикалық кейстер талданып, сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Аталған семинар Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ұйымдастырылды.