
Маңғыстау облысында 20 мешітке ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дінді насихаттауға бағытталған діни-танымдық кітаптар таратылды. Бұл бастама мешіт жамағатының рухани танымын кеңейтіп, діни сауаттылығын арттыруды көздейді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мешітке келушілерге ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттайтын, сондай-ақ теріс діни ағымдардың алдын алуға бағытталған пайдалы әдебиеттер ұсыну. Таратылған кітаптар дәстүрлі дін мен ұлттық болмыстың сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, мұндай әдебиеттер қоғамда діни сауаттылықты арттыруға және жастар арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Аталған шара Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.