Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сотталған азаматтармен рухани-мәдени бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сотталған азаматтармен рухани-мәдени бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Дабысова қатысушылармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармашылығы кеңінен насихатталды. Әсіресе, қаламгердің күй өнеріне қатысты еңбектері мен ұлттық рухты көтерудегі рөлі ерекше атап өтілді.
Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға, қоғамға оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар шарада РАТТ мүшесі Бақытгүл Мақсотқызы тренинг барысында адамның өмірлік құндылықтары, ішкі ресурстары, қиын жағдайларда үмітті жоғалтпау, өз-өзіне сенімділікті нығайту мәселелері қозғалды. Қатысушылар арнайы жаттығулар арқылы өз мақсаттарын айқындап, болашаққа деген сенімін арттыруға мүмкіндік алды.