
Ағымдағы жылдың 19 қаңтар 4А шағынауданында, Жартасты соқпақтың басталар тұсында Крещение күні Ақтау қаласының (шоқыну) мерекесіне арналған діни рәсім өтті. Шара православиелік дәстүрлерге сай қасиетті суға бата беру, дұға оқу және діни әндер айту рәсімдерімен өткізілді. Іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар саны көп болғанына қарамастан, қоғамдық тәртіп толық сақталды. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің (ПД), жедел медициналық жәрдем қызметінің және төтенше жағдайлар қызметінің (ТЖ/ЧС) 46 қызметкерлері кезекшілік атқарып және 11 техника жұмылдырылды. Шомылуға келген Ақтау қаласының тұрғындары құтқарушыларға алғыстарын білдірді. Рәсімге қатысушылардың айтуынша, ұйымдастыру жоғары деңгейде болған.