Бұл мейрам православ сеніміндегі христиандардың басты мейрамдарының бірі болып саналады. Аталған шараға шамамен 400-ге жуық өңір тұрғыны қатысып, дұға оқыды. Маңғыстау облысының дін істері басқармасының басшысы Б.Қуанышбековте православие христиандарын мерекемен құттықтады. "Православ христиандары біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға, жастарға рухани тәрбие беруге әрдайым зор үлес қосып келеді. Дін, дәстүр және мәдениет саласындағы әралуандық – біздің мемлекеттілігіміздің берік негізі болып табылады. Біз бірлігіміз бен өзара түсіністігімізді сақтай отырып, болашақта да елімізде тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етеміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!"- Б. Қуанышбеков.