Ақтауда діни радикализмнің алдын алу және теологиялық оңалтуға бағытталған семинар өтті.

Ақтауда діни радикализмнің алдын алу және теологиялық оңалтуға бағытталған семинар өтті.

Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында дінтанушы, РАТТ мүшесі, теолог Талдыбаев Телегеннің қатысуымен «Діни радикалды көзқарастағы азаматтарды теологиялық оңалту бағдарламасы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдын алу бағыты бойынша қызметкерлері мен теолог мамандарына арналды. Семинар барысында радикалды көзқарастардың қалыптасу себептері, дерадикализация мен реинтеграцияның тиімді әдістері, сондай-ақ теологиялық оңалту бағдарламаларын іске асырудың практикалық тетіктері жан-жақты қарастырылды. Спикер қатысушыларға экстремистік идеологияның психологиялық және әлеуметтік аспектілерін түсіндірумен қатар, оңалту жұмыстарының кезеңдері мен нақты кейстік тәжірибелерді таныстырды. Мамандар өзара тәжірибе алмасып, түзеу мекемелеріндегі алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған ұсыныстарды талқылады. Семинар теологтар мен профилактика саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, радикализмнің алдын алуда тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға үлес қосты.