Ақтауда зайырлылық қағидалары мен заңдылықтарын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Ақтауда зайырлылық қағидалары мен заңдылықтарын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Ақтауда Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында тарихшы, дінтанушы, РАТТ мүшесі Абзалов Ернар Абзалұлының қатысуымен «Зайырлылық қағидалары мен заңдылықтары» тақырыбында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдын алу шараларына жауапты қызметкерлері мен теолог мамандарына арналған семинар өтті. Семинар барысында Ернар Абзалов зайырлылықтың құқықтық негіздері, мемлекеттің дін саласындағы саясатындағы орны және зайырлы қоғамдағы діни қатынастарды реттеу тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді. Спикер зайырлылық қағидаларын дұрыс ұғыну – қоғам тұрақтылығы мен діни қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Іс-шарада қатысушылар заманауи діни ахуал, радикалды идеялардың таралу ерекшеліктері, құқықтық шеңберде алдын алу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, өз кәсіби дағдыларын жетілдірді.