
Ағымдағы жылдың 14-ші қарашасында Ақтау қаласындағы «Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының «Коворкинг» орталығында Дін істері басқармасының «діни экстремизмнің алдын алу, дін мәселелері бойынша білікті мамандарды даярлауға» бағытталған іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға өңірдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, қоғам белсенділері, ішкі саясат, білім басқармасының өкілдері, ТКҚ аудандық хатшылары, Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының теолог, психолог мамандары, ҚМДБ имамдары қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес, семинардың алғашқы бөлімінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Дінтану сараптамасы департаментінің директоры Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы «Дінтану сараптамасы және ақпараттық қауіпсіздік: Жасанды интеллектті қолдану перспективалары» туралы дәріс оқыды.
Қатысушылар тарапынан дінтанулық материалдарға сараптама жүргізу туралы сұрақтар қойып, өңірлік мамандарға сараптама жасауға дейінгі алғашқы қадамдар жасау үшін оқуту семинарларын өткізуге ұсыныс берілді.
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы «Террористік, діни экстремистік ұйымдардың және деструктивті ағымдардың идеологиясына қарсы насихат жасау», «Ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар», Ақпараттық түсіндіру жұмысының тиімділігін бағалау, QR – код арқылы сауалнама, материалдар, баяндама, тезистер дайындау бойынша дәріс оқылып, кері байланыс жасалып, алған білім «Kahoot» ойыны жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері тарапынан діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, діни экстремизмнің алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылау болды. Іс-шара барысында қатысушылар еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау жолында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Шара еркін форматта өтуі мамандар арасында тәжірибе алмасуға және тиімді пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар топтық жұмыс форматында бірлесіп талқылаулар жүргізді. Әр топқа толеранттылық, өзара құрмет, діни мәдениет және қоғамдағы ашық диалогтың маңызы бойынша тапсырмалар берілді. Қатысушылар пікір алмасып, түрлі жағдайлық мысалдарды шешу арқылы өз көзқарастарын ортаға салды.
Сонымен қатар әр адам өзінің діни ұстанымы мен рухани құндылықтары туралы ой бөлісіп, қоғамдағы сыйластық пен бірліктің маңызын атап өтті. Бұл семинар-тренинг мамандардың кәсіби тәжірибесін байытып, ортақ түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
Шара соңында 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларына белсене қатысып, ұйымдастыруға ықпал жасаған мамандарға Басқарма атынан алғыс жарияланып, ризашылығын білдірді.