
Ағымдағы жылдың 10-11 қазанында Ақтау қаласында Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы және Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Бастыс Қазақстан облысы, Қызылорда облыстарының дін істері басқармасының бөлім басшылары мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшылары, теолог мамандары, психолог, оңалту жұмыстарына тартылған мешіт имамдары және т.б мамандары қатысты. Жиынға теологиялық салада еңбек етіп жүрген жеті жүргізуші Абдукеева Акмарал Сихымбаевна (ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы, психолог), Нурадинов Алмат Сабитович ( Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценті), Сулейменов Жандаулет Отарбайұлы. (Астана қ.), Айтаев Икрам Сатибалдиевич (Шымкент қ.), Нағызхан Ілияс Саттарұлы (Түркістан облысы), Асқар Еламан Асқарұлы (Атырау облысы), Сақан Дастан Дарханұлы (Астана қ.) өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Конференцияның мақсаты – діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, теологиялық білім беруді жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылау болды.
Шара барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.