2025 жылы қоғам тарапынан этносаралық саясатқа деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсететін дерек тіркелді.

2025 жылы қоғам тарапынан этносаралық саясатқа деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсететін дерек тіркелді.

2025 жылы қоғам тарапынан этносаралық саясатқа деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсететін дерек тіркелді. Азаматтардың 95 пайыздан астамы елдегі этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалауда. 2022 жылғы сәуірден бастап кәсіби этномедиаторларды даярлау және медиация институтын дамыту мақсатында Этномедиация орталығы жұмыс істейді. Этносаралық салада түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта елімізде 80 ақпараттық-түсіндіру тобы белсенді қызмет атқаруда. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-ға жуық қоғамдық құрылым біріктірілген. Олардың қызметіне 50 мыңнан астам азамат тартылған. Қоғамдық өмірге халықты кеңінен жұмылдыруда «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесі» маңызды рөл атқарып келеді. Отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Адал азамат» және «Салауатты сана» жобалары табысты жүзеге асырылуда. 2025 жылы алғаш рет Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында аудандық деңгейдегі ассамблеялар құрылды. «Ассамблея жастары» жастар қанаты 10 мыңнан астам жас өкілін біріктіріп, мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруда. Жастар ұйымының «Жаңа толқын», «Школа лидеров АНК» және «50 жас көшбасшы» сияқты жобалары табысты жүзеге асып келеді. Сонымен қатар, еліміздің жоғары оқу орындарында түрлі этнос өкілдерімен жұмыс жүргізетін Студенттік ассамблея жұмыс істейді. Ол этносаралық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ волонтерлік қозғалыс пен этномедиация бағытын дамытуға өз үлесін қосуда.