Діни бірлестіктер басшылары клубының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.

Діни бірлестіктер басшылары клубының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.

Бүгін басқарма басшысының төрағалығымен Діни бірлестіктер басшылары клубының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға өңірдегі түрлі конфессиялар жетекшілері қатысып, өзара пікір алмасу алаңы ретінде маңызды диалог алаңына айналды.

Отырыста діни ахуалды тұрақтандыру, конфессияаралық келісімді нығайту, мемлекеттік орган мен діни бірлестіктер арасындағы байланыс деңгейін арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар діни бірлестіктер тарапынан өзекті әрі проблемалық мәселелер де көтерілді. Әр ұйым өз қызметіндегі кедергілерді атап көрсетіп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Сонымен бірге алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларымен бөлісіп, бірлескен жұмыстарға ниетті екендіктерін жеткізді.

Мұндай кездесулер діни алаңдағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.