Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясы мен кездесу өтті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясы мен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21-мамыр күні Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектепке Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясының жауапты маманы Купешов Қанат Өміртайұлы арнайы келіп, 11-сынып бітіруші оқушылармен кездесті. Кездесу барысында Қанат Өміртайұлы университет туралы жан-жақты ақпарат беріп, ондағы оқу бағыттары, мамандықтар, қабылдау талаптары мен оқу үдерісі жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби бағдар беруге бағытталған мазмұнды кездесу өтті.