Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Үкіметтік емес ұйымдар үшін
2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан
    әрі –Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Маңғыстау облысының дін істері басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Мониторинг-талдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басқарма басшысы                                                           М. Маханбетов

 

 

Дата публикации
17 января 2023