Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі сайланды

Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі сайланды
Ауылдың жаңа әкімі сайланды
 
2025 жылғы 2 қарашада өткен сайлаудың қорытындысымен және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің лауазымына Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы тағайындалды. 
Аудан әкімінің орынбасары Сейлов Маралбек Мұғайұлы қызметке кіріскен ауыл әкімін ауыл халқына арнайы таныстырып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды қолға алуды тапсырды. 
Әкімге Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Лазым Жонасов қызметтік куәлігін табыстады. Ауылда тұрғындар сайлаған әкімнен жаңашыл жұмыс күтетінін айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
      Айта кетейік, Наурызбек Мергенов 1998 жылы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 
2019 жылы – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2022 жылы – Батыс Қазақстан инновациалық-технологиялық университетін тарих мамандығы бойынша аяқтаған. 
Еңбек жолын 2019-2020 жылдары Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында, 2020-2021 жылдары Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімінде, 2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив-ісі басқармасында бас маман, 2022-2024 жылдары С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі және 2024 жылдың қазан айынан бері Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарып келді.