28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

28 маусым – Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн - ел мен халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген журналистерге көрсетілген шынайы құрметтің, кәсіби еңбектің еленетін сәті. Шынайы ақпараттың шырақшысы, халық пен биліктің арасындағы алтын көпір бола білген журналистер қауымы үшін бұл - ерекше мейрам.

Құрметті әріптестер! Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!