Маңғыстау облысының тұрғындары мен тұрғын үй құрылысының салымшылары назарына! БІРІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушының құжаттарын міндетті түрде тексеру. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідей 3 тәсілдің бірі арқылы ұйымдастырылады:(«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 7-бабы) - кепілдік беру қорымен жасалған шарттың болуы; (8-бап) - екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы шешімі мен әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы; (9-бап) - тұрғын үйдің қаңқасының тұрғызылуы және әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы. (10-бап) ЕКІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушымен тек қана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартын жасасу. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарты оны әкімдікте есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. (11-бап) НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылыс салушылармен келесідей мәміле (шарт) түрлерін жасамаңыз: - пәтерді сатып алу - сату туралы алдын ала шарты; - тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы алдын ала шарт; - брондау немесе қарыз шарты; - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартымен байланысты емес басқа да мәміле (шарт) түрлері. Аталған шарт түрлерін жасаған жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру және кепілдеме алу мүмкіндігінен айырыласыз! ҮШІНШІ ҚАДАМ - үлестік құрылыста орын алған қандай да бір күмәнді жағдайлар жөнінде: - Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына: 43-20-37; - Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне: 50-47-09, 50-44-47 хабарлаңыз.