Ресейлік актер Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында болған

Ресейлік актер Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында болған

Александр Пальдың Маңғыстау облысына сапары туралы актердің Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.

Актер аймақтың таңғажайып пейзаждарының суреттерін жариялады. Жариялым әлеуметтік желі қолданушыларында жағымды эмоциялар тудырды. Кейбір адамдар фотосуреттерді ғаламшарлық пейзаждар деп атады.

Анықтама үшін

Александр Паль – ресейлік театр, кино және дубляж актері. 2015 жылғы «Кинотавр» кинофестивалінің үздік актер номинациясы бойынша лауреаты («Тряпичный союз» фильмі). Үздік актер үшін 2021 жылғы «Ник» лауреатының иегері («Глубже!» фильмі).
Ол «Цикады», «Вы все меня бесите» телехикаяларында, «Ледокол», «Гагарин. Первый в космосе», «Дело» және басқа да фильмдерінде түскен болатын.