2023 жылғы 6 ақпанда Ақтау қаласының «Достық үйі» алаңшасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Бектемірдің төрағалығымен «Ақмола-балалар туризмінің аумағы» ақпараттық туры шеңберінде Маңғыстау және Ақмола облыстарының туризм саласындағы ынтымақтастығы бойынша іскерлік кездесу өтті.
Маңғыстау облысына ішкі туризмді ілгерілету мақсатында, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының орынбасары А. Подгурский бастаған Ақмола облысының туристік бизнес өкілдерінің делегациясы келді.
Кеңеске екі өңірдің жауапты мемлекеттік органдардың, туристік бизнес, өнеркәсіп кәсіпорындары, сервистік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының, облыстың білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Бектемір өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі жиын туризм саласындағы жаңа бастамаларды табысты жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдардың жалғасы болатындығын, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімізді атап өтті.
Ақмола өкілдерінің тарапынан қатысушыларға туристік өнімдерді, балалар мен ересектерге демалуға арналған жолдамаларды делдалсыз сатып алу және ынтымақтастық мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесуде Ақмола облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Ақмола облысының курорттық-санаторий ұйымдары, балалар сауықтыру лагерлері мен балалардың скауттық қозғалыстарының басшылары балалардың демалыс маусымы кезінде олардың демалысын ұйымдастыру, сонымен бірге ересектеге арналған туристік өнімдер туралы ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында Маңғыстау облысының туристік әлеуеті, туристік маршруттар, Ақтау қаласы әуежайының әлеуеті, сондай-ақ «Kids go Free» балаларға арналған тегін авиаұшуды субсидиялау бағдарламасы таныстырылды.
Туристік іс-шара Ақмола облысының курорттық-санаторий ұйымдары мен балалар сауықтыру лагерлері басшылығы мен Маңғыстау облысының кәсіпорындары, кәсіподақ ұйымдары, білім беру мекемелері өкілдері арасында балалардың, тұрғын халықтың демалысын ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар, келісімдер жасау B2B кездесуіне жалғасты.
Кездесу қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.